ТОҒЫЗТАРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ КИКБАЕВ БАҚЫТЖАН ЕРЖАНҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Кикбаев Бақытжан Ержанұлы, 1988 жылы 17 мамырда Жамбыл ауданы, Ащыбұлақ ауылында дүниеге келдім. 

Ұлтым – қазақ, білімім – жоғары.
2010 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Биология» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 2012 жылы Ащыбұлақ ауылында орналасқан Қ.Сартбаев атындағы орта мектепте мұғалім болып бастадым. 2015-2023 жылдары «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының консультанты, Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы есепке алу және статистика секторының меңгерушісі, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің статисті, «Amanat» партиясы аудандық филиалының консультанты қызметтерін атқардым. 2023 жылдың 11 қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары болып қызмет атқарып келемін.
Отбасымда 4 бала өсіріп, тәрбиелеудемін.

АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТЫМ АЙҚЫН

Мен осы ауданда туып-өсіп, қызмет атқарып келемін. Еңбек жолымда түрлі салаларда қызмет етіп, ауылдық округке тиесілі жұмыстарда көптеген тәжірибе жинақтадым.
Жинаған тәжірибеме сүйене келе, Тоғызтарау ауылдық округі әкіміне өз кандидатурамды ұсынып, алдағы уақытта жан-жақты жұмыстар атқарсам деймін. Өз бағдарламамды ұсына келе, алдағы төрт жылда төмендегі мәселелерге басымдық беремін:
– ауылдық округтегі тозығы жеткен көшелерді ағымды жөндеуден өткізуге;
– елді мекендерді толыққанды көше жарығымен қамтамасыз етуге;
– ауылға спорт кешенін салу, спорттық алаңдарды, шағын футбол алаңын қайта жөндеуден өткізу және балалар ойын алаңшаларын қазіргі заманға сай етіп жаңа үлгіде орнатуға;
– Т.Тоқтаров атындағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізуге;
– ескірген электр бағаналарын жаңартуға;
– егістік алқаптарға қажетті суды жеткізуге;
– жайылым мәселесін ретке келтіруге;
– Құмсуат ауылындағы О.Сметілда көшесін жарықтандыруға күш саламын.
Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге бірге жетуге атсалысуға, маған үміт арта отырып дауыс беруге шақырамын.

Тапсырыс беруші: Тоғызтарау ауылдық округі әкіміне кандидат Кикбаев Б.Е.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қаражаты есебінен төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.