Конституция – мемлекеттің негізгі заңы әрі қоғам өмірінің басты бағдары. Ол әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғап, заң үстемдігін қамтамасыз етеді. Ата Заңымыз елдегі тұрақтылық пен келісімнің негізін қалап, мемлекеттік биліктің тиімді жұмыс істеуіне жол ашады.
Конституцияның басты құндылығы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Бұл қағида еліміздің дамуы мен өркендеуінің басты өлшеміне айналды. Әрбір азамат заң талаптарын құрметтеп, Конституцияда бекітілген міндеттерін адал атқарса, мемлекетіміздің іргесі берік, болашағы жарқын болмақ.