Конституция – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара келісімнің құқықтық көрінісі. Ол елдің даму бағытын айқындап қана қоймай, әр азаматтың құқығы мен еркіндігін қорғауға кепілдік береді.
Ата Заңда бекітілген нормалар – әділеттілік пен жауапкершіліктің негізі. Заң үстемдігі сақталған жерде тұрақтылық пен сенім қалыптасады. Конституция қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтып, елдің болашағына берік негіз қалайды.
Сондықтан Конституцияны құрметтеу – әрбір азаматтың парызы. Бұл – тәуелсіздігімізді нығайтып, ортақ мақсатқа жұмылудың басты шарты.