Отбасы банкі: тұрғын үй кезегін тексеріңіз!

Қазір Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар тізімін түгендеуді (инвентаризация) жүргізіп жатыр.
Бұл не және не үшін қажет?

Түгендеу — бұл кезекте тұрғандардың деректерін нақтылау, қателер мен қайталануларды түзету және кімнің расында тұрғын үйге мұқтаж екенін анықтау.

Түгендеуді қалай өткізуге болады?

1️⃣ orken.otbasybank.kz сайтында авторизациядан өтіңіз
2️⃣ Жеке кабинетке кіріңіз
3️⃣ Жеке деректерді өңдеуге келісім беріңіз
⠀• егер келісім жоқ болса — ЭЦҚ арқылы қол қойылады
4️⃣ «Түгендеу» бетіне өтіңіз
5️⃣ «Түгендеуді бастау» батырмасын басыңыз
6️⃣ Мәртебесін бақылаңыз
7️⃣ Отбасы мүшелері де сайтқа кіріп, өз келісімдерін беруі қажет

📲 Бұл бар болғаны бірнеше минут, бірақ ол сіздің баспаналы болуға бір қадам жақындатады!
Уақыт жоғалтпаңыз — бүгін-ақ өз деректеріңізді тексеріңіз

Leave A Reply

Your email address will not be published.