Жамбылда алғаш рет күрделі нейрохирургиялық ота жасалд

Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімінде өңір тарихында алғаш рет синостоздық плагиоцефалия диагнозымен бір жасар балаға жоғары технологиялық реконструктивті краниотомия сәтті жасалды. Облыс деңгейінде осындай күрделі отаның орындалуы балаларға мамандандырылған нейрохирургиялық көмектің қолжетімділігін арттырып, өңір медицинасы үшін маңызды жетістік саналады.
Ота барысында медициналық пластиналар қолданылып, бас сүйек құрылымы қайта қалыпқа келтірілді. Бұған дейін мұндай туа біткен күрделі патологияларға хирургиялық көмек негізінен республикалық деңгейдегі ірі клиникаларда ғана көрсетілетін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.