Жамбылда су ресурстарын қорғау жұмыстары күшейтілді

Жамбыл облысында «Шу-Талас» бассейндік су инспекциясы су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Бұл шаралар климаттық өзгерістер жағдайында су тапшылығының алдын алу, ауыл шаруашылығының тұрақтылығын сақтау және өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды.
Инспекция Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес су қорларын қорғау, пайдалану және гидротехникалық құрылыстардың су режимін бақылау бойынша мемлекеттік қадағалау жүргізеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.