«Заң мен тәртіп» – құқықтық мәдениеттінығайтудың басты бағыты

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысыменбекітілген «Қоғамда заң және тәртіп идеологиясынілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналғантұжырымдама» елімізде құқық үстемдігіннығайтуға бағытталған маңызды стратегиялыққұжат болып табылады. Аталған тұжырымдамаазаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, заңталаптарын құрметтеуді қалыптастыруға жәнеқоғамда тәртіп пен жауапкершілік қағидаттарынорнықтыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі 2025 жылғы 22 қазандағы №6001-25-22-1/22 хатынасәйкес, тұжырымдаманың негізгі бағыттарынтүсіндіру және «Заң мен тәртіп» идеясын кеңіненнасихаттау – сот жүйесі органдарының да басымміндеттерінің бірі.

Бүгінде сот жүйесі тек дауларды шешетін орган ғана емес, сонымен қатар қоғамда құқықтықмәдениетті қалыптастырушы маңызды институт болып табылады. Әсіресе әкімшілік соттаразаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағыжария-құқықтық қатынастарда заңдылықтыңсақталуын қамтамасыз ету арқылы құқықүстемдігін іс жүзінде жүзеге асырады.

Жамбыл облысы мамандандырылғанауданаралық әкімшілік соты ұжымы да тұжырымдама аясында құқықтық ағартужұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Азаматтарға әкімшілік әділеттің мәні мен маңызынтүсіндіру, сот рәсімдерінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, заң талаптарынсақтау мәдениетін насихаттаубіздіңқызметіміздің ажырамас бөлігі.

«Заң мен тәртіп» қағидатыбұл тек құқықбұзушылықтың алдын алу емес, сонымен қатар әразаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімдіқорғау. Заң үстемдігі сақталған қоғамда әділдіксалтанат құрып, мемлекеттік органдар қызметініңашықтығы артады, азаматтардың сотқа деген сенімінығаяды.

Құқықтық мемлекет құру жолында әрбіразаматтың заң талаптарын білуі және олардысаналы түрде орындауы маңызды. Құқықтықмәдениетбұл тек білім ғана емес, олжауапкершілік пен азаматтық ұстанымның көрінісі.

Алдағы кезеңде де сот ұжымы тұжырымдамадакөзделген міндеттерді іске асыруға белсендіатсалысып, қоғамда заңға құрмет пен тәртіпқағидаттарын нығайту бағытындағы жұмыстардыжалғастыра береді.

Заңға құрметелге құрмет. Тәртіптұрақтылық кепілі.

Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының әкімшісі басшысы С.Ж.Тулеубаев

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.