Құқықтық мемлекет қағидаттарының негізі – Конституция үстемдігі мен заңдылықтың мызғымас сақталуы. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік органдарқызметінің заңдылығын қамтамасыз ету – сот билігінің маңызды міндеттерінің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, әкімшілік әділет жүйесіКонституциялық нормалардың нақты жүзегеасуының тиімді тетігі болып табылады.
Жамбыл облысы мамандандырылғанауданаралық әкімшілік соты өз қызметіндеҚазақстан Республикасының Конституциясын, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін және өзге де заңнамалық актілерді басшылыққа алады. Соттыңнегізгі мақсаты – азаматтар мен мемлекеттікоргандар арасындағы жария-құқықтық даулардыәділ, заңды және уақтылы қарау.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің Негізгі Заңы. Онда адамның жәнеазаматтың құқықтары мен бостандықтары еңжоғары құндылық ретінде айқындалған. Конституция нормаларының тікелей қолданылуы – әрбір азаматтың сот арқылы қорғалуға құқығы бар екенін білдіреді.
Бұл қағида әкімшілік сот ісін жүргізуде ерекшемаңызға ие. Себебі әкімшілік дауларда бір тарап – мемлекеттік орган, ал екінші тарап – азамат немесезаңды тұлға болып табылады. Осындай жағдайдасоттың міндеті – құқықтық тепе-теңдіктіқамтамасыз ету.
Әкімшілік әділет – бұл мемлекеттік билікоргандарының шешімдері мен әрекеттеріне(әрекетсіздігіне) шағым жасау арқылы бұзылғанқұқықтарды қалпына келтіру тетігі.
2021 жылдан бастап қолданысқа енгізілгенӘкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтардыңқұқықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтерді. Кодексте көзделген «соттың белсенді рөлі» қағидаты бойынша судья істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға міндетті. Бұл – азаматтардың құқықтарын қорғаудағымаңызды жаңашылдық.
Сот төрелігін жүзеге асыру – тек судьяның ғанаемес, сот аппараты қызметкерлерінің де жауаптыміндеті. Сот отырысының хатшысы ретінде біз:
Бұл міндеттер сот төрелігінің сапалы әрі ашықжүргізілуіне тікелей ықпал етеді.
Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтардың нақты қорғалуы – әкімшілікәділет жүйесінің тиімділігіне байланысты. Әкімшілік соттар азамат пен мемлекет арасындағықұқықтық қатынастарда заң үстемдігін қамтамасызетіп, әділдік қағидатын орнықтырады.
Жамбыл облысы мамандандырылғанауданаралық әкімшілік соты алдағы уақытта да Конституция талаптарын басшылыққа ала отырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінқорғау жолында қызметін жалғастыра береді.
Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің бас маманы сот отырысының хатшысы Б.У.Әділхан