Қазіргі таңда құқықтық мемлекет қалыптастыру жолындағы басты қағидаттардың бірі – заң үстемдігі. Заң үстемдігі қамтамасызетілген қоғамда әділдік салтанат құрып, азаматтардың құқықтары сенімді қорғалады, ал мемлекеттік органдар өз қызметін тек заңшеңберінде жүзеге асырады.
Заң үстемдігі дегеніміз – мемлекеттегі барлықшешімдер мен әрекеттердің заңға сәйкесқабылдануы және жүзеге асырылуы. Бұл қағидат:
Қазақстан Республикасының Конституциясыеліміздің құқықтық жүйесінің іргетасы ретінде заңүстемдігін бекітеді. Конституцияда әркімнің өзқұқықтары мен бостандықтарын сот арқылықорғауға құқығы бар екені айқын көрсетілген. Бұлнорма – азаматтардың мемлекетпен арадағыдауларын әділ шешудің кепілі.
Әкімшілік әділет – бұл азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы жария-құқықтықдауларды сот тәртібімен қарау жүйесі. Оның бастымақсаты – мемлекеттік басқару саласындазаңдылықты қамтамасыз ету және бұзылғанқұқықтарды қалпына келтіру.
2021 жылдан бастап елімізде Әкімшілікрәсімдік-процестік кодекс қолданысқа енгізіліп, әкімшілік сот ісін жүргізудің жаңа моделіқалыптасты. Кодексте соттың белсенді рөлібелгіленіп, дәлелдеу міндетінің мемлекеттікорганға жүктелуі азаматтардың құқықтарынқорғауды күшейтті.
Әкімшілік әділеттің қоғамдағы маңызыбірнеше бағытта көрінеді:
Біріншіден, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері тиімді қорғалады.
Екіншіден, мемлекеттік органдардыңжауапкершілігі артады.
Үшіншіден, сот арқылы бақылау тетігі басқарусапасын жақсартады.
Төртіншіден, қоғамда құқықтық мәдениетқалыптасып, заңға деген құрмет нығаяды.
Әділ және ашық сот жүйесі азаматтардыңмемлекетке деген сенімін арттырып, тұрақтыдамуға негіз болады.
Заң үстемдігі – демократиялық қоғамның тірегі, ал әкімшілік әділет – осы қағидатты нақты жүзегеасыратын маңызды институт. Мемлекет пен азаматарасындағы құқықтық тепе-теңдікті қамтамасызету арқылы әкімшілік соттар әділдік пен заңдылықтың орнығуына үлес қосады.
Осылайша, заң үстемдігі мен әкімшілік әділетқоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардыңқұқықтарының сенімді қорғалуына қызмет етеді.
Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.А.Саулембекова