Мойынқұм ауылында жаңартылған өрт сөндіру бөлімі ашылды

Жамбыл облысында азаматтық қорғау жүйесін жаңғырту бағытындағы маңызды қадам жасалды. Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Аринов жұмыс сапарымен өңірге келіп, Мойынқұм ауылындағы жаңартылған №18 өрт сөндіру бөлімінің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл бастама – елдегі өртке қарсы инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңарту бағдарламасының бір бөлігі.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Алтай Әлі, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Арман Тоқанов, аудан әкімі Ермек Карентаев және ауыл тұрғындары қатысты. Жиында сөз алған ресми тұлғалар бөлімшені жаңғырту – қызметкерлер үшін заманауи әрі қолайлы еңбек жағдайын қалыптастырып қана қоймай, аудан халқының қауіпсіздігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.