Қазақстанда ауыл тұрғындарының табысын арттыру мен шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы өңірлерде нақты нәтижесін көрсетіп отыр. 2019 жылы пилоттық түрде басталған бастама бүгінде көптеген ауылдық округтерді қамтып, аграрлық бизнес пен қызмет көрсету саласының дамуына серпін беруде. Бағдарлама ауыл экономикасын жандандырып, жаңа жұмыс орындарын құруымен маңызды.
Өткен жылы облыста жоба аясында 51 ауылдық округ қамтылып, 25,5 млрд теңгеге 4076 жоба қаржыландырылған.