Президент тапсырмасымен 2023 жылдан бері іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, жұмыспен қамтуды көбейтуге және ауыл кәсіпкерлігін дамытуға нақты ықпал етуде. Бағдарлама аясында Байзақ ауданында жаңа кәсіпорындар ашылып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік туып отыр.
Айта кетейік, бұл жоба өңірде алғаш рет 2019 жылы пилоттық бастама ретінде қолға алынған. Оның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және ауыл халқының өмір сапасын көтеру.