Жаңа Конституция – Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның кепілі

Құрметті Ерлан Жақанұлы!

Қадірлі әріптестер!

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы, 16 ақпаннан бастап ел аралап, қоғамның түрлі топтарымен кездесіп, Жаңа Конституцияны талқылауда.

Коалицияның мүшелері бірнеше күннің ішінде еліміздің тоғыз өңірін аралап, мыңдаған кездесу өткізді.

Коалиция мүшесі ретінде мен де бірнеше өңірді аралап қайттым.

Бір мәселені ашық айтуымыз керек, тек соңғы 7 жылда еліміз отыз жылда ойға келмеген, іргелі және маңызды өзгерістерді бастан өткерді.

Президенттің бастамасымен төртсаяси реформалар пакеті, жүзеге асты.

Оған қоса, 2022 жылы қабылданған конституциялық реформаның орны ерекше.

Бірақ соңғы жылдардағы, елдегі ғанаемес, әлемдегі геосаяси ахуалдың өзгеруі, жасанды интеллект дәуірінің басталуы, мемлекеттің басты құжатын,қайта қарауды өзекті етті.

Былтыр біз қолданыстағы Конституцияның 30 жылдығын атап өттік. Отыз жылда оның қанша өзгертулер мен толықтыруларды бастан кешіргенін білетін көптеген заңгерлер Ата Заңның жаңадан қабылдануын қолдап отыр.

Кездесулерде көтерілген негізгі сұрақтарға тоқталып өтсем.

Leave A Reply

Your email address will not be published.