Әлеуметтік кепілдіктер – Жаңа Конституцияның басты басымдығы

Сонымен нақты нормаларға келетін болсақ, Құрылтай атауы, пропорционалды сайлау жүйесінің тиімділігі, Халық кеңесінің құзыретісекілді мәселелер ақпарат кеңістігінде де, халықпен кездесулерде де кеңінен айтылып-жазылып жүр.

Сондықтан оларды тағы да қайталаудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Халықты мазалаған тақырыптың бірі – білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы тегін қызмет көрсету мәселесі.

Жекелеген азаматтар тарапынан,«халықтың білім алу, дәрігер көмегіне жүгіну сияқты әлеуметтік сұранысы, енді тек ақылы түрде болады-мыс» деген жаңсақ, яғни фейк ақпарат айтылуда.

Ал шын мәнінде, Қазақстан әлеуметтік мемлекет болған, және бола да береді.

Бұл Жаңа Конституция жобасында да шегелеп жазылған.

Оның айқын көрінісі – мемлекеттік бюджеттің шамамен 40 пайызы әлеуметтік салаға бағытталатындығы.

Сонымен қатар, Ата Заңның 1-бабы«Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп айқындайды.

Жаңа Конституция жобасында, бұл қызметтер де ақы төлемей алатын қызмет деп анық жазылған, сәйкесінше денсаулық сақтау мен білім беру саласында азаматтардың мүмкіндіктеріодан сайын кеңейеді деп айта аламыз.

Бұл қызметтер ақысыз деп айтылғанымен, олар әрдайым мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып келді және болашақта да солай болады.

Тағы қайталап айтайын, білім мен медицина азаматтарымыз үшін ақысыз әрі қолжетімді болып қала береді.

Сонымен қатар, қолданыстағы Конституцияда жазылған, «мемлекеттік» жоғары оқу орындары деген сөзді алып тастау ұсынылған.

Бұл дұрыс шешім. Неге? Өйткені бүгінгі таңда мемлекеттік гранттар арқылы, студенттер тек мемлекеттік қана емес, жекеменшік жоғары оқу орындарында тегін жоғары білім ала алады. КИМЭП, Мақсут НарикбаевУниверситеті, Тұран сияқты университеттер жеке меншік болса да, грантты ұтып алған студенттерімізде сол университеттерде де грантпен оқуға мүмкіндіктері болуы тиіс.  

Осылайша, ұсынылып отырған нормалар, аталған әлеуметтік кепілдітерді қысқартуға емес, оларды негізгі заңда заманауи әрі нақты түрде бекітуге бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.