Республикалық референдум тақырыбы жан-жақты талқыланды

Қордай ауданына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жұмыс сапарымен келіп, ауданның зиялы қауым өкілдерімен алқалы жиын өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумның қоғам өміріндегі маңызын кеңінен түсіндіру.

Аталған шара жаңа Конституция жобасын таныстыруға, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталды.

Жиын модераторы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев еліміздің саяси жүйесін жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан реформаларға тоқталды. Ол референдумның стратегиялық мәнін, қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлін және саяси жаңғыру үдерісіндегі орнын атап өтті. Жиынға аудан әкімі Бегзат Болатбеков қатысты.

Алғашқы сөз кезегі Қордай аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Нұржан Молдабековке берілді.

– Ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы елімізде жүзеге асырылып жатқан жүйелі реформалардың заңды жалғасы. Бұл құжат мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Сондықтан оның мазмұнын халыққа кеңінен түсіндіру – баршамыздың ортақ міндетіміз, — деді ол. #референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
#АтаЗаңдыҚолда

Leave A Reply

Your email address will not be published.