Қордай ауданында инфрақұрылым жүйелі жаңғыртылып жатыр: ауыз су, газ және жол сапасы басты назарда
Қордай ауданында 2025 жылы тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Аудан әкімдігі ауыз сумен қамту, елді мекендерді газдандыру, жол желісін жаңарту және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде қолға алып, бұл бастамалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына нақты серпін беруде.