Т.Рысқұлов ауданында инфрақұрылым қарқынды дамып келеді: ауызсу мәселесі толық шешілді
Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында елді мекендерді таза ауызсумен толық қамту жөніндегі тапсырма толық орындалды. Өткен жылдың соңында бірнеше ауылда жаңа су нысандары іске қосылып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды жобалар жүзеге асты.