Қазақстан мен Сербия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

🇰🇿🇷🇸Қазақстан мен Сербия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. 

🟦Мемлекет басшысы меймандарға ілтипат білдіре отырып, бұл сапар Қазақстан мен Сербия арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толу қарсаңында өтіп жатқанына назар аударды.

– Сербия Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктесіміз саналады. Көптеген саладағы өзара тиімді байланыстарымызды одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Бүгін екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беру тәсілдерін талқыладық. Өз тарапымыздан екі ел арасындағы ықпалдастықты кеңейтуге барлық жағдайды жасайтынымызды жеткізгім келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Белград арасында конструктивті саяси диалог жолға қойылып, парламентаралық байланыс нығайып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен іскерлік топтардың ықпалдастығы дәйекті түрде дамуда. 

🟦Қазақстанда 60-тан астам сербиялық компания қызмет етеді. 

🟦Президент Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тиімді жұмыс атқарып жатқанын айтты. 

🟦Мемлекет басшысы сапар аясында Сербиядан іскерлік топ өкілдері келгенін құптады. Кеше өткен Қазақстан-Сербия Іскерлік кеңесінің нәтижесі сауда және инвестициялық байланыстарды кеңейте түсетініне сенім білдірді. 

🟦Президент еліміздің бірқатар халықаралық бастамаларына қолдау білдіргені үшін Сербия тарапына ризашылығын жеткізді. 

🇰🇿🇷🇸Президенты Казахстана и Сербии провели переговоры в расширенном формате

🟦В Акорде состоялись переговоры Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева и Президента Республики Сербия Александра Вучича с участием официальных делегаций двух стран. 

🟦Приветствуя в Акорде сербских партнеров, Глава государства отметил особую символичность визита, совпадающего с приближением 30-летия установления дипломатических отношений между Казахстаном и Сербией. 

– Сербия является для нас важным партнером в Европе. Мы искренне настроены на дальнейшее укрепление наших отношений и развитие взаимовыгодного сотрудничества в самых разных сферах. Сегодня мы подробно обсудили, как придать этому взаимодействию дополнительную динамику. Уверяю Вас, что со своей стороны мы приложим все усилия для дальнейшего укрепления партнерства между нашими странами, – сказал Касым-Жомарт Токаев.

🟦Глава государства подчеркнул, что Астана и Белград поддерживают конструктивный политический диалог, укрепляют межпарламентские связи, последовательно расширяют взаимодействие по линии государственных органов и деловых кругов. 

🟦В Казахстане успешно осуществляют деятельность более 60 сербских компаний.

🟦Касым-Жомарт Токаев отметил эффективную работу межправительственной комиссии по торгово-экономическому сотрудничеству. 

🟦Он приветствовал участие в визите представительной деловой делегации Сербии. Накануне состоялось заседание Казахстанско-сербского делового совета, результаты которого, как ожидается, будут способствовать расширению торговых и инвестиционных связей.

🟦Президент выразил признательность сербской стороне за поддержку ряда международных инициатив Казахстана.

t.me/aqorda_resmi

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.