🇰🇿🇷🇸Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті халық қолдауына арқа сүйеп, елін алға бастап келе жатқан нағыз көшбасшы, беделді саясаткер деп санайтынын жеткізді.
– Сербия Сіз жүргізіп отырған салиқалы саясаттың арқасында зор жетістіктерге жетіп, өркендеп келеді. Халықаралық беделі де арта түсті. Алдағы уақытта еліңіз Сіздің парасатты басшылығыңызбен жаңа белестерді бағындыра береді деп сенемін. Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі сенімді серіктесі. Екі елдің қарым-қатынасы өзара қолдауға, түсіністік пен мызғымас достыққа негізделген. Барлық деңгейде белсенді саяси диалог дамып келе жатыр. Сауда-экономика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық нығайып келеді. Көпжақты құрылымдар аясындағы байланысымыз күшейе түсті. Қазіргідей алмағайып кезеңде өзара әріптестікті жандандыру өте маңызды. Сондықтан біз осы қарқынды сақтап, түрлі саладағы ықпалдастықты дамытуға мүдделіміз. Бұған толық мүмкіндік бар. Өзара сенім мен достық рухында өткен мазмұнды келіссөздер – соның айқын дәлелі. Бүгінгі келісімдер серіктестігімізді жаңа деңгейге көтереді деп санаймын. Біз бұл бағытта бірлесіп әрекет етуге әрдайым дайынбыз, – деді Президент.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сербия арасындағы байланысты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Александр Вучичті еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.
– Бұл – қазақ жұртының Сізге және Сербия халқына деген зор ризашылығы және ерекше құрметінің белгісі. Өзіңізді шын жүректен құттықтаймын! Осы марапат екі елдің қарым-қатынасын одан әрі дамытуға ықпал етеріне кәміл сенемін. Қос халықтың достығы жасай берсін! – деді Мемлекет басшысы.
t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇷🇸Глава государства наградил Президента Сербии орденом «Алтын Қыран»
✔️В своем выступлении на церемонии награждения Касым-Жомарт Токаев назвал Александра Вучича видным государственным деятелем и истинным лидером, который, опираясь на поддержку народа, уверенно ведет свою страну по пути прогресса.
– Благодаря Вашей взвешенной политике Сербия добилась значительных успехов в развитии и упрочила свой авторитет на международной арене. Верю, что под Вашим мудрым руководством страна продолжит покорять новые вершины. Сербия – надежный партнер Казахстана на Балканском полуострове. Отношения наших государств основаны на взаимной поддержке, понимании и нерушимой дружбе. Продолжается активный политический диалог на всех уровнях. Набирает обороты сотрудничество в торгово-экономической, инвестиционной и культурно-гуманитарной сферах. Расширяется взаимодействие в рамках многосторонних структур. В нынешнее нестабильное время крайне важно активизировать двустороннее партнерство. Поэтому мы заинтересованы в сохранении набранных темпов и углублении связей в различных отраслях. Для этого имеется весь необходимый потенциал. Яркое тому подтверждение – прошедшие в духе взаимного доверия и дружбы содержательные переговоры. Уверен, что достигнутые сегодня договоренности выведут наше стратегическое партнерство на качественно новый уровень. Мы всегда готовы к совместным действиям в этом направлении, – заявил Президент Казахстана.
✔️За значительный вклад в упрочение связей между двумя странами Касым-Жомарт Токаев вручил Александру Вучичу высшую государственную награду Республики Казахстан – орден «Алтын Қыран».
– Это символ огромной благодарности и особого уважения казахского народа Вам и народу Сербии. Искренне поздравляю Вас! Убежден, данная награда послужит дальнейшему развитию отношений между нашими странами. Пусть крепнут узы дружбы между нашими народами! – сказал Глава Казахстана.
t.me/aqorda_resmi
