Архив қызметкері ретінде Конституция жобасында тарихи мұраны сақтау жөніндегі талапты толық қолдаймын. Өйткені архив құжаттары – елдің өткені мен бүгіні арасындағы алтын көпір, ұлт жадын бейнелейтін баға жетпес қазына.
Тарихи деректерді сақтау, жүйелеу және болашақ ұрпаққа аман жеткізу – тек кәсіби міндет емес, бұл мемлекеттік маңызы бар іс. Конституция деңгейінде мұндай норманың бекітілуі мәдени-рухани құндылықтарға деген ерекше құрметтің айғағы болып табылады.
Бұл бастама ұлттық бірегейлікті нығайтып, жас ұрпақтың тарихқа деген танымын тереңдетуге зор ықпал етеді деп сенемін.
#референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
#АтаЗаңдыҚолда