Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайсын болмасын да қатты алаңдататыны айқын.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы — адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияныңнегізгі басымдықтарының бірі – сыбайласжемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейінқалыптастыру болып табылады. «Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚазақстанРеспубликасының Заңында «сыбайласжемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылсубъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққатөзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесінсақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегіндежүзеге асыратын қызметі» деп түсіндіріледі..
Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпенсыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетідегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігінежәне игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зиянытуралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтіңжай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресугеталпынуы болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылтуралы» Заң талабының аясында жемқорлыққақарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қараумүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болыпбелсенділік танытуымыз қажет.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайласжемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқықбұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оғанең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететінболса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердіңқұқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басыныңқамын ойлауы да парақорлықтың дендеуінесептігін тигізуде..
Мамандар арасында сыбайлас жемқорлықтыңалдын алу жұмыстары үнемі бақылауға алынған. Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайласжемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырабілсе еліміздің дамуы бұданда биік дәрежегекөтерілетіні хақ. Жалпы, кез-келген қызметкер өзотбасында, әріптестерінің арасында осы бірқағидаларды ұран қыла білсе, бұл індеттің түбіменжойылатыны анық.
Әрбір қоғам дамуының жақсы жағымен қатаркөлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдіңәлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздегеншаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқанқадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болыпотырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту— әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болыптабылады.
Жамбыл аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы Ғ.Ә.Әбділда