Мектептегі тамақтану стандарты бекітілді

Тағамдану стандарты – балалар мен халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған, сапалы, қауіпсіз және теңгерімді тамақтануды қамтамасыз ететін, халықаралық ұсынымдарға негізделген нормативтік талаптар жиынтығы. Ол мәзірдің калориясын, ақуыз, май, көмірсу мен дәрумендер құрамын реттейді. Жаңартылған Стандарт 2025 жылдың 1 қыркүйектен бастап қолданыста енгізілді және ол білім беру ұйымдарында, санитариялық-гигиеналық жағдайға, мәзірді әзірлеуге және тамақ сапасына бақылауды жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді. Жаңа Стандарттағы негізгі өзгерістер: тағамдағы қант пен тұз мөлшерін азайту;  көкөністер мен жемістерді тұтынуды арттыру және мәзірден табиғи емес тағамдарды алып тастау.

Құрамында қанты бар сусындар мен шырындар  газдалмаған суға, сүтке, ашытылған сүтті сусындарға, жеміс шайларына, компоттарға, термиялық өңделген қант мөлшері аз жеміс-жидек сусындарына алмастырылды. Тамақтану стандартында ерекше диеталық қажеттілігі бар оқушыларды (балаларды) тамақтандыру бойынша  ұсыным  берілген, сондай-ақ ас блоктары жоқ шағын жинақталған мектептерде тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптар көзделген.

Сонымен қатар, жеуге жарамсыз индексі (табақ қалдықтары) тұжырымдамасы алған рет енгізілді, бұл тамақ ішкеннен кейін табақтарда қалған тамақ қалдықтарының ұсынылған тағамдардың жалпы көлеміне қатынасын білдіреді.

Осылайша, тамақтану стандартын енгізу білім беру ұйымдарында тамақтану сапасын жақсартуға және балалардың денсаулығын жақсартуға негіз болады. Қазіргі уақытта жаңа оқу жылы басталғанға дейін білім беру ұйымдарында стандартты дайындау және енгізу жоспары әзірленуде.  

Әбділда Ғабит Әлімұлы,

Жамбыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.