Қазіргі таңда еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлердің денсаулығын сақтау мәселесі қоғамдағы маңызды бағыттардың біріне айналды. Өндіріс орындары мен мекемелердің тұрақты дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, сонымен қатар қызметкерлердің еңбек жағдайының қауіпсіздігімен және олардың денсаулық деңгейімен тікелей байланысты. Осы тұрғыда «Салауатты жұмыс орындары» қағидатын қалыптастыру – әрбір жұмыс беруші мен қызметкердің ортақ міндеті болып табылады.
Жұмыс орнының денсаулыққа әсері
Адам өмірінің едәуір бөлігі жұмыс орнында өтеді. Сондықтан еңбек жағдайларының сапасы қызметкердің физикалық және психологиялық жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Шу, жарықтың жеткіліксіздігі, қолайсыз микроклимат, химиялық немесе биологиялық факторлар, сондай-ақ ұзақ уақыт қозғалыссыз жұмыс істеу түрлі кәсіптік аурулардың пайда болуына себеп болуы мүмкін.
Салауатты жұмыс орны – бұл қызметкерге қауіпсіз, қолайлы және өнімді еңбек етуге мүмкіндік беретін орта. Мұндай ортада еңбек қауіпсіздігі талаптары сақталып қана қоймай, қызметкерлердің жалпы әл-ауқаты мен жұмысқа деген ынтасы артады.
Салауатты жұмыс орнының негізгі қағидаттары
Салауатты еңбек ортасын қалыптастыру бірнеше маңызды бағыттарды қамтиды:
Жұмыс берушілер еңбек жағдайларын жақсарту арқылы өндірістегі жарақаттану деңгейін төмендетіп, кадрлардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Кәсіптік аурулардың алдын алу
Кәсіптік аурулардың негізгі себептері – зиянды өндірістік факторлардың ұзақ уақыт әсер етуі. Сондықтан профилактика шаралары ерекше маңызға ие. Олардың қатарына:
Уақтылы жүргізілген профилактика аурулардың алдын алып қана қоймай, еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді.
Психологиялық денсаулық – маңызды фактор
Қазіргі еңбек нарығында тек физикалық қауіпсіздік емес, психологиялық жайлылық та маңызды. Шамадан тыс жүктеме, күйзеліс, жұмыс орнындағы түсініспеушіліктер қызметкердің эмоционалдық күйіне кері әсер етеді. Сондықтан ұйымдарда өзара құрметке негізделген корпоративтік мәдениет қалыптастыру, демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру және қолдау көрсету маңызды.
Салауатты жұмыс орнын құру тек жұмыс берушінің ғана емес, қызметкердің де жауапкершілігін талап етеді. Қызметкерлер қауіпсіздік талаптарын сақтап, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы қажет. Ал мекеме басшылығы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.
Салауатты жұмыс орындарын қалыптастыру – қоғам денсаулығын нығайтудың маңызды қадамы. Қауіпсіз әрі қолайлы еңбек ортасы қызметкерлердің өмір сапасын жақсартып қана қоймай, ұйымның тиімділігі мен дамуына да оң әсер етеді. Денсаулығы мықты қызметкер – табысты өндірістің негізі.
Жамбыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы Ғ.Ә.Әбділда