ЖАМБЫЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

2026 жылғы 2 наурыздан бастап Бахытұлы Қуаныш Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданы білім бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Қуаныш Бахытұлы 1992 жылғы 1 маусымда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында дүниеге келген.

2014 және 2017 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған. Мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті, информатика.

Еңбек жолын 2014 жылы Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2015 жылы Жамбыл ауданы әкімдігінің «Жастар орталығында» жастар ісі жөніндегі кеңесші қызметін атқарған.
2015-2018 жылдары Жамбыл ауданы білім бөлімінде әдіскер болды.
2018 жылы білім бөлімінде бас маманның міндетін уақытша атқарып, кейін бас маман қызметіне тағайындалды.
2020-2022 жылдары білім бөлімінің сектор меңгерушісі (уақытша) қызметін атқарды.
2022 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданы білім бөлімінің сектор меңгерушісі болып еңбек етті.

Жалпы еңбек өтілі – 8 жыл. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 4 жылдан астам.

Leave A Reply

Your email address will not be published.