Жамбыл ауданы әкімінің 2026 жылдың 2 наурыздағы №32 ж/қ өкімімен Тулеков Нұрәділ Рахманұлы Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
Тулеков Нұрәділ Рахманұлы 1991 жылы 22 ақпанда дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2009 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.
2013-2014 жылдары Тоғызтарау ауылдық округі әкімінің аппаратында инспектор (касса ісі жөнінде);
2016-2022 жылдары тамыз айынан бастап Тоғызтарау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-іс жүргізушісі; 2022 жылдың сәуір айынан бүгінгі күнге дейін Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.
«Amanat» партиясының мүшесі.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.