Қызылшаның алдын алу шаралары


          Қызылша — өте жұқпалы вирустық инфекция, көбіне балаларда кездеседі, бірақ ересектер де жұқтыруы мүмкін. Аурудың қауіптілігі: асқынулары (пневмония, энцефалит, көру қабілетінің төмендеуі және өлім-жітім).

Қызылша ауа-тамшы арқылы (жөтелгенде, түшкіргенде), науқаспен бір бөлмеде ұзақ болу кезінде, вакцинасы жоқ адам науқаспен байланыстан кейін 90%-ға дейін жұқтыруы мүмкін.

Аурудың белгілері:

Дене қызуының көтерілуі (38–40°C).

Жөтел, тамақтың ауыруы, көздің қызаруы мен жас ағу.

3–4 күннен кейін бөртпенің бүкіл денеге таралуы.

Әлсіздік, тәбеттің болмауы.

Алдын алу жолдары

Уақытында вакцинация жасау — ең сенімді қорғаныс.
Балаларға екпе 12 айлық кезде және 6 жаста егіледі.
Ересектер де екпе алмаған болса немесе екпе жағдайы белгісіз болса, қайта  ектіре алады.
Жеке гигиена сақтау, бөлмені жиі желдету.
Ауру адаммен қарым-қатынастан аулақ болу, белгілері бар адамды оқшаулау.

     Ата-аналарға үндеу: балаларын уақытында ектіру — олардың денсаулығын қорғаудың басты жолы. Ересектерге кеңес: өздерінің екпе статусын тексеру, қажет болса қайта ектіру. «Денсаулықты сақтау — бәріміздің қолымызда.»


Жамбыл аудандық

санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

                   басқармасының басшысы                                                          Ғ. Ә. Әбділда

Leave A Reply

Your email address will not be published.