Мал ұрлығының алдын алу және ашу, ет және ет өнімдерін өткізу орындарында жұмысты ұйымдастыру бойынша Жамбыл ауданында ағымдағы жылдың 3-5 наурыз аралағында «Мал ұрысы» Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараға Жамбыл аудандық Полиция бөлімінің КПБ қызметкерлері құжатсыз төрт түлік малды тасымалдау фактілерін, мал союға және ет сатуға арналған сертификаттың жоқтығын анықтау үшін рейдтік іс-шаралар жүргізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетейік, мал ұрлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырғаны жасырын емес. Төрт түлік мал көбіне қараусыз жайылатын жерлерден кешкі уақытта ұрланады.
Төрт түлігін түлетіп, содан ризығын айырып келе жатқан өңір тұрғындары жауапкершілік танытулары қажет екендігін ескертеміз.