
Жуалы – туризм дамуына жаңа серпін алып жатқан өңір Жамбыл облысындағы табиғаты көркем өңірлердің бірі – Жуалы ауданы соңғы жылдары туризм саласын дамытуға белсенді көңіл бөліп келеді. Географиялық тұрғыдан қолайлы орналасуы, табиғи ландшафттарының әсемдігі және тарихи орындарының көптігі ауданға келетін туристердің санын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар туризм саласы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрландырылып, өңірдің туристік әлеуетін танытуға жаңа мүмкіндіктер ашуда.
Prev Post