Таразда инфекциялық аурулардың алдын алу мәселелері талқыланды Тараз қаласындағы облыстық қан орталығында «Инфекциялық патология және иммунопрофилактиканың өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырды. Конференцияға өңірдің жетекші дәрігерлері мен еліміздің белгілі медициналық мамандары қатысып, жұқпалы аурулардың алдын алу және вакцинацияны күшейту мәселелерін талқылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.