Қазақстанда Конституция күні өзгеруі мүмкін: 15 наурыз жаңа мереке бола ма?

Қазақстанда мерекелік демалыс күндерінің бірі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте өткен брифинг барысында әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Егер азаматтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдаса, дәл осы күн — 15 наурыз Қазақстандағы жаңа мемлекеттік мереке, яғни Конституция күні болып белгіленуі мүмкін.

Ерлан Сәрсембаевтың сөзінше, жаңа Конституция жобасының 94-бабында бұл мәселе нақты көрсетілген. Аталған баптың екінші тармағына сәйкес, республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болып жарияланады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.