Маңғыстауға Таяу Шығыстан оралған қазақстандықтардың екінші легі келді

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты шетелде уақытша қалып қойған қазақстандықтарды елге қайтару жұмыстары жалғасуда. Бүгін Маңғыстау облысына Таяу Шығыс елдерінен оралған азаматтардың екінші легі жеткізілді.

Арнайы ұйымдастырылған рейс арқылы келген жолаушыларды жергілікті атқарушы органдар мен тиісті қызмет өкілдері әуежайда қарсы алды. Олардың арасында туристік сапармен кеткен азаматтар мен шетелде уақытша жүрген қазақстандықтар бар.

Жауапты мекемелердің мәліметінше, азаматтарды елге қайтару жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Қажет болған жағдайда жолаушыларға медициналық және ұйымдастырушылық көмек көрсетіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.