Коронавирус індетінен сақтанудың жалғыз жолы — екпе қабылдау. Бүгінде өңірге америкалық «Pfizer» вакцинасы жеткізіліп, жүкті әйелдерге, 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге, бала емізетін аналарға салынуда.
Бүгін емханаға Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов ұлы Нұрисламның екпе қабылдауына куә болды.
12 жастағы Нұрислам Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінде білім алады.
Бауыржан Құттыбайұлының айтуынша, отбасы және жақындардың өмірі мен денсаулығы аса маңызды.
— Отбасымыздағы барлығымыз мына әлемге жайлаған індетке қарсы екпені қабылдадық. Енді жасөспірімдерге салынатын вакцина өңірге жеткеннен кейін ойланбастан ұлыма ектіруді жөн көрдім. Қазір ешқандай ауырсыну сезінген жоқ. Дәрігердің жарты сағат бақылауында болды. Барлық ата-ананға бала денсаулығы мен болашағына біздер жауапты екенімізді жеткізгім келеді, — дейді бізбен әңгімесінде.
Аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленовтың айтуынша, «Pfizer» вакцинасының өңірге
630 дозасы жеткізілді. Оның 20-сы жүкті әйелдерге,
84-і бала емізетін аналарға, 286-сы 12-17 жас
аралығындағы балаларға салынды.
Ақжігіт Жетпісбай
Жамбыл ауданы