Жамбыл облысының Қордай ауданында хмель өсіру мен өңдеуді дамытуға арналған семинар өтті. Іс-шара «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында ұйымдастырылып, өңірдегі фермерлер мен кәсіпкерлер хмель өндірісінің экспорттық әлеуетін талқылады. Кездесудің басты мақсаты – жергілікті агроөнімді халықаралық нарыққа шығарудың жолдарын қарастыру және ауыл шаруашылығында жаңа экономикалық бағыт қалыптастыру.