Бүгінгі таңда қоғам денсаулығын сақтау мәселесі бұрынғыдан да
маңызды. Жұқпалы аурулардың алдын алу, тағам қауіпсіздігін бақылау,
қоршаған ортаның тазалығын сақтау – мұның бәрі санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылыққа тікелей байланысты. Ал осы саланың
тиімді жұмыс істеуі арнайы нормативтік құқықтық актілер арқылы реттеледі.
Денсаулықты қорғайтын заңдар Қазақстанда халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі құжаттардың бірі –
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс. Бұл
құжат санитариялық талаптарды, мемлекеттік бақылау жүйесін және
азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған шараларды анықтайды.
Сонымен қатар санитариялық талаптарды нақтылайтын бірқатар
нормативтік құжаттар бар. Олардың қатарында:
•санитариялық қағидалар;
• гигиеналық нормативтер;
• техникалық регламенттер;
• мемлекеттік стандарттар;
• санитариялық-эпидемиологиялық бақылау ережелері.
Бұл талаптар өндіріс орындарында, мектептер мен балабақшаларда,
қоғамдық тамақтану нысандарында және медициналық мекемелерде міндетті
түрде сақталуы тиіс.
Қадағалау–қауіпсіздіктің кепілі. Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау органдары халықтың денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқарады.
Мамандар түрлі нысандарда тексеру жүргізіп, санитариялық талаптардың
сақталуын қадағалайды. Мұндай бақылаудың негізгі мақсаты:
• жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу;
• азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• қоршаған ортаның санитариялық жағдайын бақылау;
• еңбек жағдайының гигиеналық талаптарға сәйкестігін тексеру.
Сарапшылардың айтуынша, санитариялық нормаларды сақтау – тек
мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азамат пен кәсіпкердің ортақ
жауапкершілігі.
Қоғам денсаулығы – ортақ міндет. Санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілер – қоғам
қауіпсіздігінің маңызды тірегі. Заң талаптарын орындау арқылы ғана біз
жұқпалы аурулардың алдын алып, қоршаған ортаның тазалығын сақтай
аламыз.
Денсаулық – ең үлкен байлық. Ал оны қорғау – мемлекет пен қоғамның
ортақ міндеті.
Басқарма басшысы: Ғ.Ә. Әбділда