Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметтер негізігі қағидаттарының бірі болып
мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру болып табылады.
Бұл ретте, еліміздің көптеген стратегиялық құжаттары мемлекеттік
көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанға көшіруге бағытталған.
Оқырманда «жалпы мемлекет пен азаматтардың арасындағы байланысты
цифрландырудың мақсаты не?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл сауалға жауап
бір қарағаннан күрделі болып көрінгенімен әлдеқайда қарапайымдау болып
табылады. Сіз мемлекеттік қызметті электронды нысанда алған жағдайда
көптеген басымдылықтарды көре аласыз.
Біріншіден, өзіңіздің уақытыңызды әжептәуір үнемдейсіз. Кезектілікке
душар болмайсыз. Сонымен бірге, қызметті кез-келген ыңғайлы мезгілде үйде
отырып немесе реті келген жағдайда жұмыс уақытында да алуыңызға
мүмкіндігіңіз бар.
Екіншіден, қызмет алу үшін барынша қарапайым жағдайлар қажет, олар:
дербес компьютер, электрондық цирлық қолтаңба және Ғаламторға
қолжетімділік.
Үшіншіден, мемлекеттік қызмет алушы мен берушінің арасындағы тікелей
байланыс жойылады, яғни, сыбайлас жемқорлыққа түрткі болуы мүмкін қандай да
бір себептер мен жағдайлар пайда болуына мүмкіндік берілмейді.
Осылайша, Сіз электронды нысанда қызмет алу арқылы сыбайлас
жемқорлықтың алдын алу бойынша мемлекеттік саясатқа оң септігіңізді тигізесіз.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі
болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету
тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып
табылады.
Дата: 12.03.2026 09:41. Копия электронного документа. Версия СЭД: Documentolog 7.22.2. Положительный результат проверки ЭЦПЖамбыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы,
көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бірыңғай талаптарды
қамтамасыз ету, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін алу мақсатында мынандай
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары пайдаланылады. Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министірінің «Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді
көрсетудің кейбір мәселелері» туралы 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-
336/2020 бұйрығымен бекітілген.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына қосымшаға сәйке нысан бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды не көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік алу
үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің)
анық еместігін анықтау негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас
тарту туралы дәлелді жауап, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті
ұысынлған деректер мен мәліметтердің халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде
және гигиеналық нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Жамбыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:
«Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге
және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы», «Тамақ
өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру» және «Қоршаған
ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш
аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық
факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті
төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына» санитариялық-
эпидемиологиялық қорытындылары беріледі.
«Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге
және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы»
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін келесі құжаттар
ұсынылады:
— ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес аккредиттелген
зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық
көшірмесі
«Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру» үшін келесі
құжаттар ұсынылады:
— ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
— өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің электрондық көшірмесі
«Қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат
етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділердің
Дата: 12.03.2026 09:41. Копия электронного документа. Версия СЭД: Documentolog 7.22.2. Положительный результат проверки ЭЦПнормативтік құжаттамалары жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық
қорытындыны алу үшін:
— ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген
шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері бойынша
нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру
«электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге
асырылады.»;
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын портал арқылы
тапсырған сәттен бастап – 13 (он үш) жұмыс күні, ал есептік номер беру 5 (бес)
жұмыс күні ішінде беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара
автоматтандырылған). Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны:
электрондық. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті
алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті
тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ)
куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.»;
Порталдың жұмыс кестесі: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен
байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы
жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде
өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге
асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес
құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп
кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті
қабылдаудан бас тартады».
Ғимараттың көпшілікке қол жетімді жерінде рұқсат беру құжаттарына
өтініш үлгілері, рұқсат беру құжаттарын алу үшін қажетті құжаттардың тізімдері
орналастырылған.
Басқарма басшысы: Ғ.Ә. Әбділда