Жамбыл ауданында 96 канал ретке келтірілуде

Жамбыл ауданында ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 49,3 млрд теңгені құрап, 10,4 млрд. теңгеге өскен. Бұған қоса, қысы-жазы көкөніс өсіретін жылыжайлар да бой көтеруде. Мәселен, 5 елді мекендегі 8 жылыжай 1,5 гектар қызанақ, 0,95 гектар қияр, 1 гектар басқа да дақылдар ексе, 1-2 айналымда 9,2 тонна қызанақ, 26,2 тонна қияр, 60 мың дана гүл жиналған. Енді осы әдіс арқылы ағын су тапшылығын айналып өту қажет.

 

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев айтты. Ол «Казсушар» мекемесі «ПУИИД-2», Европалық даму банкі қаражатымен 553 шақырымды құрайтын 96 каналды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын да жеткізді. Бұл каналдар 14 556 гектар алқапты суландырады.

 

©️©️©️

«Өткен жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен 7 канал тазаланса, биыл облыстық бюджеттен 4 дренажды, аудандық бюджеттен «Сұлтан» каналын тазалау және Аса өзенінің арнасын бөгеу жұмыстары жүрді. Игерусіз жатқан 4 407,76 гектар жер қорға алынды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде бүгінде 4 407,76 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Есепті кезеңде 396,8 млн теңгеге 41 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды», — деді Сәкен Қаланұлы.

 

🔻Спикер «Облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасына кірген Бесағаш ауылына 5 бағыт бойынша 1 млрд. теңге бөлініп, толық игерілгенін мәлімдеді. 1 117 ауланың жері игеріліп, түсім 2 655 тонны құраса, 2 жылыжай салынып, 276 аула 4 760 бас мал, құс алып, 202 тонна ет, 233 тонна сүт өндірген. 22 техника алынып, 1 335 гектар жерден мал азығы дайындалыпты. 1 цех ашылып, 1 тонна кондитерлік өнім шығарылғаны да бар. Ағымдағы жылы Өрнек ауылдық округі бойынша жобаларды іске асыруға 293,0 млн теңгеге 79 құжат жасалып, «Тараз» ӘКК» АҚ жіберілген

Leave A Reply

Your email address will not be published.