Жасөркен ауылындағы №148 референдум учаскесінде референдум күніне орай түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары белсенді қатысып, қазақтың дәстүрлі ойындары арқылы мерекелік көңіл-күй қалыптастырды.
Соның ішінде арқан тартыс ойыны ерекше қызығушылық тудырды. Жарыс нәтижесінде жеңімпаз атанған қатысушы 1-орынды жеңіп алып, 10 000 теңге көлемінде сыйақыға ие болды. Бұл шаралар ел бірлігін нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Дәл осы көрініс барлық референдум учаскелерінде де көруге болады.

