Шалғай елді мекендердегі сайлаушыларды тасымалдау және ерекше жағдайлардағы азаматтарға қолайлы орта қалыптастырылды
Аудан аумағында шалғай елді мекендердегі азаматтардың референдумға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылды. Тасымалдау жұмыстары 9 ауылдық округке қарасты 15 елді мекенде жүзеге асырылады. Жалпы тасымалданатын дауыс берушілер саны – 2783 адамды құрайды. Бұл жұмыстарға 35 көлік бірлігі жұмылдырылған.
Сондай-ақ, ерекше жағдайлардағы тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінуде. Аудан аумағында кресло арбасын пайдаланатын азаматтар, көру қабілеті бұзылған және есту қабілеті шектеулі сайлаушылар үшін қажетті инфрақұрылымдық және ұйымдастырушылық шаралар қарастырылған. Бүгін 2 инватакси қызметі және 7 сурдоаудармашы азаматтарға қолдау көрсетеді.
Prev Post
Next Post