Гродеково ауылдық округінде өткен маңызды күні тұрғындар ерекше белсенділік танытты. Таңертеңнен бастап ауыл халқы келіп, ел игілігі мен болашақ үшін өз таңдауларын жасауда. Көп ұлтты округ тұрғындарының көтеріңкі көңіл күйі мен ұйымшылдығы бірден байқалады.
Бұл күні ұлттық дәстүр де назардан тыс қалған жоқ. №150 референдум учаскесінде тұрғындарға бауырсақ таратылып, қазақы қонақжайлықтың жарқын үлгісі көрсетілді. Мұндай игі бастама көпшіліктің көңілінен шығып, мерекелік атмосфераны арттыра түсті.
Ауыл халқы бұл күннің маңызын жақсы түсінетінін айтып, ел болашағы мен игілігі үшін өз таңдауларын жасау әр азаматтың жауапкершілігі екенін жеткізуде.
