Сөзден-іске: Жамбыл ауданында тұрғындарға жер учаскелері берілуде

Бүгінде Жамбыл ауданында 1 321 адам тұрғын үй кезегінде тіркелген. Осы мәселені шешу үшін «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 5 қабатты 76 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталып, мамыр айында пайдалануға берілді. Осындай тағы 4 тұрғын үйдің құрылысына 1,9 млрд теңге бөлінген екен. Алайда, республикалық бюджетті нақтылау барысында аталған қаражат қысқарып кеткен. Бұдан бөлек, жаңа тұрғын үй массивтерінің кәріз жүйесі құрылысы жүргізілуде.

 

  • ✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев айтты. Оның мәліметінше, биыл кезекте тұрған 11 мыңнан аса тұрғынды жер телімімен қамту мақсатында 7 елді мекеннің жаңа тұрғын үй алқабына электр желісін, су, газ құбырларын жүргізуге 2,2 млрд теңге бөлінген. Содай-ақ, Бесжылдық, Қызылқайнар ауылдарындағы жаңа тұрғын үй массивіне қиыршық тас төсеу жұмыстары аяқталған. Бірлесу-Еңбек, Тастөбе, Бектөбе ауылдарына қиыршық тас төселуде.

«Бүгінге Айшабибі ауылында – 382, Бірлесу-Еңбек ауылында – 130, Тастөбе ауылында – 89, Ш.Ниязбеков ауылында – 97, барлығы 698 жер учаскесі кезекке сәйкес беріліп, Бектөбе ауылында – 143, Қызылқайнар ауылында 222 жер учаскесін алдағы мереке күндері табыс етеміз. Нәтижесінде, 1 063 отбасына жер беріледі. Былтыр 8,6 шақырым аудандық мәндегі 2 автомобиль жолы және 24 ауылдың жалпы ұзындығы 76 шақырымды құрайтын 96 ауылішілік жолдары жөнделді. «Жұмыспен қамту жол картасымен» 12 ауылдың 61 көшесі, 1 аудандық мәндегі жол жөндеуден өтті. «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында 5 ауылдың 8 көшесі жөнделді», — деді спикер.

Ол ағымдағы жылы 125,2 млн теңгеге аудандық мәндегі 5 жол жөнделгенін де жеткізді. 10 ауылдың жалпы ұзындығы 8 812,7 шақырымды құрайтын 26 ауылішілік жолдары жағарған. Оның ішінде, «Ауыл — ел бесігі» жобасымен 6 ауылдағы 10 көше және аудандық бюджет есебінен 8 ауылдағы 16 көше жөнделіпті. Осы жоба аясында Гродиково ауылындағы тротуарға, аудандық бюджеттен Айшабибі ауылындағы тротуарға қаражат қаралған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.