Көп этносты Гродиково ауылдық округінде тұрғындар белсенділік танытуда

Ауданымыздағы ең көп этносты мекендердің бірі – Гродиково ауылдық округінде тұрғындар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы округте 7000 мыңға жуық тұрғын тұрады. Мұнда қазақтармен қатар орыс, күрді, неміс, өзбек және өзге де этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді.

Маңызды қоғамдық іс-шара округтегі №471 референдум учаскесінде өтті. Таңертеңнен бастап әртүрлі жастағы тұрғындар келіп, ел игілігі мен жарқын болашақ үшін өз таңдауларын жасап жатыр. Олардың қатарында түрлі этнос өкілдері де бар. Бұл – округ тұрғындарының елдің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай маңызды күндер елдің бірлігі мен тұрақтылығын нығайтып, болашаққа деген сенімді арттыра түседі. Сондықтан округ халқы бұл күнге бейжай қарамай, өз таңдауларын жасауда.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.