Пионер бастауыш партия ұйымының төрайымы Жумадилова Алмат Турмаханбетқызы Ащыбұлақ ауылдық округіндегі №176 дауыс беру учаскесіне келіп, өзінің азаматтық таңдауын жасады. Бұл – әрбір саналы азаматтың ел тағдырына деген жауапкершілігін айқындайтын маңызды қадам. Дауыс беру – мемлекет дамуы мен қоғамның тұрақтылығына ықпал ететін демократиялық үдерістің маңызды көрінісі. Осындай маңызды сәттерде әр азаматтың белсенділігі мен азаматтық ұстанымы айқын байқалады. Себебі елдің ертеңі мен қоғамның болашағы халықтың таңдауымен айқындалады. Сондықтан белсенділік танытып, дауыс беру арқылы әр азамат мемлекет дамуына өз үлесін қосып, ел болашағының қалыптасуына ықпал етеді.
Prev Post