Қос қуаныш: туған күн мен азаматтық таңдау

Бүгін Ештаева Эльмира үшін ерекше күн. Ол бүгін 60 жасқа толып, мерейлі жасын атап өтуде. Айтуынша, бүгін оның өмірінде қос қуаныш қатар келіп отыр.

Жекеменшік мерекесімен қатар, ол ел өміріндегі маңызды сәттен де тыс қалмай, өз таңдауын білдіруге келді. Эльмира Ештаева Қызылқайнар ауылындағы №149 референдум учаскесіне барып, дауыс берді.
«Бүгін мен үшін қос қуаныш. Бірі – туған күнім, екіншісі – өз таңдауымды жасап, азаматтық міндетімді орындау», – дейді мерейтой иесі.

Осындай белсенді азаматтардың үлгісі қоғам үшін әрдайым маңызды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.