Әжелеріміз тұрғындарды алдағы референдумда белсенді болуға шақырды
«Еліміздің болашағы әр азаматтың таңдауына байланысты. Сондықтан әрқайсымыз референдумға қатысып, өз дауысымызды беруіміз керек», – дейді ақ жаулықты аналар.
Үлкендердің өнегелі сөзі – кейінгі ұрпаққа үлгі. Сол себепті ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық белсенділікті танытып, маңызды шешімдерге өз үлесімізді қосайық.
Бірлік пен жауапкершілік – жарқын болашақтың кепілі!