Бүгін №178 референдум учаскесінде І топ мүгедегі Байтелиев Бейсенбай өз азаматтық ұстанымын танытып, референдумда дауыс берді. Денсаулығына қарамастан, ел болашағына бей-жай қарамай, саяси науқанға қатысуы – нағыз азаматтық жауапкершіліктің үлгісі.
Оның бұл қадамы қоғамдағы әрбір азамат үшін үлкен өнеге. Ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерде белсенділік таныту – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Бейсенбай Абитбекұлының азаматтық ұстанымы көпшілікке үлгі болып, қоғамда жауапкершілік пен белсенділіктің арта түсуіне ықпал етеді деп сенеміз.