Айшабибі ауылында таң сәріден белсенділік жоғары

 

Айшабибі ауылындағы №159 референдум учаскесінде таң сәріден бастап тұрғындардың қарасы көп болды. Таңертең ерте келген ауыл тұрғындары өз азаматтық міндеттерін орындап, дауыс беруге белсенді түрде қатысуда.

Дәстүр бойынша учаскеге ең алғашқы болып келген дауыс берушілерге арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл тұрғындардың көңіл-күйін көтеріп, белсенділігін арттыра түсті.

Ауыл тұрғындары ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға өз үлестерін қосып жатыр. 🇰🇿

Leave A Reply

Your email address will not be published.