Айшабибі ауылындағы №159 референдум учаскесіне бүгін 84 жастағы Мейрамкүл Дәулетбаева келіп, өз таңдауын жасады.
Қарт ана ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық міндетін орындау әр адам үшін маңызды екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай маңызды сәттерде халықтың белсенді болуы – болашақ үшін дұрыс қадам.
«Болашақ үшін бұл дұрыс қадам. Сондықтан әркім өз таңдауын жасауы керек», – дейді ақ жаулықты әже.
Үлкендердің өнегесі – кейінгі ұрпаққа үлгі.