Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы аясында Шақпақ ауылдық округі Шақпақ ата ауылында бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Сұлтан Жайымбаевқа баспана кілті табысталды.Бұл қуанышқа ауыл ағайындары, жеке кәсіпкерлер тегіс жиналып, жаңа үйдің иелерін құттықтап, ізгі тілектерін жаудырып, тәттіден шашу шашты.
Шақпақ ауылдық округінің әкімі Затыбек Пашеновтың сөзінше ауыл-аймақ болып ортадан қаражат жинап, Сұлтан Жайымбаевтың үйін күрделі жөндеуден өткіздік дейді.
Ежелден келе жатқан ата дәстүр жібін үзбей жалғасқан асар салты, бір отбасыға болса да қуаныш сыйлай алса еңбегіміздің жанғаны дейді ауыл тұрғындары. «Бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай» жұмылып үйдің құрылысын жүргізген.