Жамбыл ауданында референдуммен қатар ауылшаруашылығы жәрмеңкесі белсенді түрде ұйымдастырылуда. Бұл шара барысында жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлер өздерінің табиғи әрі сапалы өнімдерін тұрғындарға тікелей ұсынып, ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді сатудың үлгісін көрсетуде.
Жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да ауыл шаруашылығы тауарлары қолжетімді бағамен ұсынылуда. Мұндай шара тұрғындарға сапалы өнімді тиімді бағада сатып алуға мүмкіндік берсе, жергілікті өндірушілерге өз өнімдерін кеңінен таныстырып, табысын арттыруға жол ашады.
Сонымен қатар, жәрмеңке ауыл шаруашылығы саласының дамуына серпін беріп, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға үлкен үлес қосуда.