Айшабибі ауылында референдум барысында үйден дауыс беретін азаматтардың тізімі алдын ала анықталып, арнайы жылжымалы жәшік арқылы дауыс беру процесі ұйымдастырылуда.
Денсаулығына немесе өзге де себептерге байланысты учаскеге келе алмайтын тұрғындарға қолайлы жағдай жасалып, олардың да өз таңдауын жасауына мүмкіндік берілуде.
Осылайша әрбір азаматтың дауыс беру құқығы қамтамасыз етіліп, маңызды саяси науқанға барша тұрғынның қатысуына жағдай жасалып отыр.
